Алматыда «әуежайды басып алу» ісі бойынша сот процесі басталды


30/03/2023
18:17 19425 0

Алматыда Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алу» ісі бойынша сот процесі басталды. 

 

30 наурызда Алматының Наурызбай аудандық сотында өткен сот отырысында адвокаттар істің қазақ тілінде жүруін және қамауда отырған күдіктілер – Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменовты үйқамаққа шығаруды, Әйгерім Тілеужанды үйқамақтан ешқайда кетпеу қолхатпен босатуды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы өтінішті қанағаттандыруға қарсы шықты. Судья Маратбек Кәкімжанов кеңесі бқлмесінде шешім қабылдайтынын айтты. 

 

Кеңесу бөлмесіне кеткен судья үзілістен кейін қорғаушылардың өтінішін қанағаттандырмады. 

 

Сот процесіне келген сотталушылардың жақтастары «Қазақша! Қазақша! Бостандық!» деп ұрандатты. 

 

Сыртта сотқа келген қолдаушылар айыпталушыларды үйқамаққа босатуды, істі алқабилер қарауымен өткізуді және процесті қазақ тілінде өткізуді талап еткен хат жазып, оған 80 адам қол қойып, сот кеңсесіне өткізді.

 

38 жастағы журналист, аудармашы Әйгерім Тілеужан бұған дейін белсенділігімен де танылған. Ол билікті сынаған наразылықтарға қатысқан. Мектепте тарих пәнінің мұғалімі болған Қалас Нұрпейісов 44 жаста. 2019 жылы митингіге шығып, көп алдында сөз сөйлегені үшін жұмысынан қуылған. Қалған үш адам бұрын-соңды белсенділігімен көзге түспеген.

Істе Алматы халықаралық әуежайы, "Қазаэронавигация" мен Qazaq Air, Air Astana, Fly Arystan және Scat әуекомпаниялары жәбірленуші деп танылған. Оларға 6,1 миллиард теңге, ал кәсіпкерлерге 414,1 миллион теңге шығын келген деп айтылады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/03/2023 18:17
19425 0

Уведомление